Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Мамыр, 2021

415

Таразда ҚХА мүшелеріне ҚР Генералдар кеңесі атынан алғысхат табысталды

Тараз қаласында орналасқан Оңтүстік Қазақстан филиалы «КӘАҚҚ РОШ» аумақтық-құрылымдық бөлімшесі Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының қауіпті өндірістік объектілеріне қызмет көрсетеді.


Осыған орай, ағымдағы жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан филиалына «КӘАҚҚ РОШ» басшыларының бірі және Алматы қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, ҚХА мүшесі Вячеслав Дмитриевич Вавилин жұмыс сапарымен келген еді. Сапар барысында «КӘАҚҚ РОШ» басшылығынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы генералдар кеңесі атынан келген марапаттар табысталды.

Іс-шараға Жамбыл облысының Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де қатысты. Жиын барысында ассамблея мүшелері жамбылдық ассамблея мүшелері кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабының Оңтүстік Қазақстан филиалы 3-ӨСБ қарауыл бастығы Михаил Карпенко және кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Тараздағы әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы Айваз-Оглы Алихан құттықтау рәсіміне қатысып, «Қоғамдық келісім» КММ Парида Иманжанқызы Генералдар кеңесінің атынан Жамбыл облысы Генералдар кеңесінің төрағасы генерал Казиев Абдигапар Райжанұлының қатысуымен оларға алғысхаттар табыстады.

Кейін қарай