Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Сәуір, 2021

24220

Таразда ҚХА жастар қозғалысының белсенділері студенттермен кездесті

Тараз қаласындағы Достық үйі ғимаратында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтының «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» және «Экология» кафедраларының студенттері мен КИСТ колледжінің студенттері Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Тұрдыева Хамида облыстық ҚХА және жастардың негізгі қызметімен қысқаша таныстырып өтті.

Сондай-ақ, студенттерге еріктілердің осы күнге дейін атқарған қомақты іс-шараларының бейнематериалдары LED-экранда көрсетіліп, жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерін айқындайтын тренинг ұйымдастырылды. Кездесу соңында келген қонақ студенттермен естелік суреттер түсірілді.


Кейін қарай