Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Қазан, 2019

573240

Таразда хакатонға қатысушылар әлеуметтік жобаларын ұсынды

Таразда «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алты әлеуметік хакатон өтті.

Хакатон екі кезеңге бөлініп өткізілді. Біріншісінде қатысушылар берілген бағыттар шеңберінде алдын ала дайындалған өз идеялары мен жұмыстарын таныстырды. Сайысқа барлығы 30 командадан тұратын 262 адам қатысты.


Бәсекеде «Прагматизм» бағыты бойынша М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің FORWARD командасы экологиялық таза және ыдрағыш «QORJYN» эко-сөмке жобасын ұсынды.

«Бәсекеге қабілеттілік» бағыты бойынша «Жас STAR» командасы («Жамбыл политехникалық колледжі») тауарлар мен қызметтер биржасы туралы «10der» сайтын таныстырды.

Еріктілік және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмек көрсету туралы «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» бағытында Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжінің «Сұңқар» және «Жамбыл политехникалық колледжінің» «Оазизис» командалары жобаларын сайт түрінде ұсынды.


Хакатонда «Білімнің салтанат құруы» бағыты бойынша Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының командасы «IT-NEWS» электрондық оқулықтарын ұсынды. Сондай-ақ, осы бағытта 24 гимназиясының «Тарихи квест» қосымшасы бар «24 bit» командасы және № 41 мектеп-гимназиясының «Астронет» командасы көзге түсті. Бұл хакатонда «Ұлттық бірегейлікті сақтау» («Ұлы даланың Жеті қыры») бағыты бойынша А. Гайдар атындағы 35 орта мектептің мұғалімдері педагогтарға арналған «Менің портфолио кз» сайтын ұсынды.


Жамбыл политехникалық колледжінің оқытушылары «SmartCard» жобасын ұсынды. Хакатонда «Сананың ашықтығы» («Ұлы даланың жеті қыры») бағытына сәйкес «Эверест тайм» командасы «Тректік туристік жорықтар және экспедициялар» жобасымен ерекшеленді.

Хакатонның екінші кезеңінде Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Гүлмира Метерова тренинг өткізді.

Сайыс соңында жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Кейін қарай