Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Желтоқсан, 2021

261

Таразда ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі Лобар Гаюпова «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығында ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды.

Іс-шараға ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері және этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері қатысты. Бұл жолы Лобар ханым өзбек халқының сүйікті сорпасы - Машхорданы дайындады.

- Бұл сорпа өте тойымды, әрі пайдалы дәрумендерге толы. Тағамның басты ингредиенті - «маш» асбұршағы. Оның құрамында көптеген дәрумендер, минералдар, токсиндерден тазартатын талшық, сонымен қатар пайдалы заттар мен антиоксиданттар бар. Өнім әсіресе артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін өте пайдалы, - дейді Лобар Төлегенқызы.

Ары қарай аспаз өзбек халқының ұлттық тағамына қосылатын дәмдеуіштердің түрлерін егжей-тегжейлі айтып берді. Оның айтуынша аскөктің орнына кинза өсімдігін дәмдеуіш ретінде пайдалану тағамның көркі мен дәмін кіргізіп қана қоймай, шығыс асханасының мәдениетіне жетелейді.

Жиын соңында жиналғандар ерекше астың дәмін татып, жылы лебіздерін білдірді.


Кейін қарай