Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Наурыз, 2022

396

Таразда Масленица халықтық серуені ұйымдастырылды

«Шахристан» Тараз қаласының мәдени-тарихи кешенінде дәстүрлі кең көлемде масленица халықтық серуені өтті. Іс-шара аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясының, қалалық әкімдіктің білім бөлімінің қолдауымен және «Радонеж» орыс қауымдастығы, Жамбыл облыстық орыс драма театры әртістерінің қатысуымен ұйымдастырылды.


Мерекеге этномәдени бірлестіктердің, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының Г.Чибитко атындағы әдеби клубының өкілдері, мектеп оқушылары, Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты. Мереке қонақтары түрлі конкурстарға белсенді түрде көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, би билеп, ән шырқап, келіп кірген көктемге бірге қуанысты.

Сонымен бірге, қала тұрғындары мен қонақтары «Масленица» іс-шарасына арналған мерекелік концертке қатысты. Концерт шағын театрландырылған қойылымнан басталды, оған №24 гимназия бастауыш, жоғары сыныптарының оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Бұдан ары концерттік бағдарламаға жалғасып, № 40 гимназияның оқушысы Валерия Михина «Мир без войны» әнін орындады. Сондай-ақ, №13 қалалық орта мектебінің «Веснушки» қасықшылар ансамблінің сүйемелдеуімен ерекше есте қаларлық бірнеше көңілді попурри әндер орындалды. «Калинка» вокалдық тобының қойылымы да көрермендер көңілінің төрінен орын алып, «Казачка», «Не грусти, калина» әндері шырқалды.


Музыкалық құттықтаудан «Айнуры» татар-башқұрт мәдени орталығы да алыс қалған жоқ. Бұған қоса, әжейлерден құралған облысымызға танымал «Асыл-ана» ансамблі «Жомарт» және «Ах, Самара-городок» әндерін нықышына келтіріп орындады.

«Масленица» мерекелік іс-шарасының соңы Г.Чибитко атындағы әдеби клуб орталығының өкілі Наталья Гончарованың өзінің авторлығымен шығарылған «За все судьбу благодарить» өлеңін оқуымен аяқталды.

Кейін қарай