Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қараша, 2021

3037

Таразда Меркі ауданы күні мерекесі өтті

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласының Жүсіп Баласағұн атындағы орталық концерт залының алдында Меркі ауданының күндері өткізілді.Аталмыш мереке Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі қарсаңында этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталды.


Іс-шараға жалпы аудан бойынша 200-ден астам адам катысып, олардың 37-сі Меркі ауданы бойынша тіркелген 5 этномәдени бірлестіктен - славян, өзбек, түрік, қарашай-балқар, әзірбайжан этнос өкілдері қатысты.

Шара барысында аудандық қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылып, түрлі этнос өкілдерінің тыныс-тіршілігін, тұрмыс-ғұрыптарын жиналған жұрт көрме арқылы тамашалады.


Кейін қарай