Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Желтоқсан, 2020

602

Таразда «Меценат-2020» қайырымдылық форумы өтті

Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Меценат-2020» қайырымдылық форумы өтті.

Форумға 2020 жылда облыс бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына және пандемия кезінде зардап шеккен жандарға қайырымдылық жасаған меценаттар, облыстық этномәдени бірлестіктер төрағалары, белсенділері, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – қайырымдылықты насихаттау, адамдардың әл-ауқатын және қоғамдық сананы дамыту мен жақсартуға көмектесу, жастардың патриоттық сезімін ояту. Сондай-ақ, қоғамдағы маңызды бастамаларды, қоғамдық келісім мен халықтың бірлігін нығайтуға қатысты жобалар мен ұсыныстарды қолдау және ынталандыру.

Жиынға арнайы келген қатысушылар мен қонақтарға Достық үйінің бірінші қабатында классикалық жанрда радио-концерт және LED экранда 2018-2019 жылдардағы меценаттар форумы туралы фотослайдтар көрсетілді.

Достық үйінің конференц-залында көрермендерге Дулати Жастары халық театры, облыстың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары мен К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония әртістерінің қатысуымен «Поэзия» атты театрландырылған қойылым ұсынылды.


Марапаттау рәсімі үш номинация бойынша өтті: «Мақтаралға көмек», «Біз біргеміз!» және «Мың алғыс».

Марапатталғандардың қатарында облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі, жеке кәсіпкер Исмар Фунчи бар. Ол Масанчи ауылында өрт сөндіру машиналармен қамтамасыздандырып, аз қамтылған отбасы үшін үй салуға қаражат жинауды ұйымдастырып, пандемия кезінде ауылдық аурухананы сегіз миллион теңгенің желдеткішімен, ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмектермен және маскалармен қамтамасыз еткені үшін марапатталды. Сондай-ақ, жомарт жан «Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж балаларға 700 мың теңгеге смартфондар сатып алып жәрдем көрсетті.

«Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының мүшесі Наби Ағалиев коронавирустық инфекцияның таралуы кезінде жерлестеріне қолдан келген көмегін берді.

«Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов Мақтааралдың зардап шеккен тұрғындарына 410 мың теңге көлемінде қаржылай жәрдем беріп, пандемия кезінде аз қамтылған 12 отбасыға 500 мың теңгеге көмек көрсетті және «Мың алғыс» акциясы аясында дәрігерлерге ыстық түскі ас беріп, науқастарға 400 мың теңге көлемінде көмек көрсетіп, 50 мұқтаж отбасыға азық-түлік пакеттері сыйға тартқаны үшін марапатталды.

«Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мемлекеттік қамқоршыларын қолдау бойынша жыл сайын Тараз орталығының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек көрсеткені үшін облыстық ҚХА аналар кеңесінің мүшесі Лобар Гаюпова марапатталды. Айта кетейік, «Біз біргеміз!» акциясы аясында Мақтаарал тұрғындарына екі миллион теңге , жалғызбасты аналарға миллион теңге көлемінде көмек көрсетті.

Республикалық «Хэсед Полина» қамқорлық орталығы» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып Саяси қуғын-сүргін құрбандарының онына жүйелі түрде қаржылық көмек көрсеткені үшін Жамбыл облыстық «Шиват Цион» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Людмила Корнилина марапатталды.

Барлығы 20 адам марапаттарға ие болды. Олардың қатарында жеке кәсіпкерлер Сәкен Атаев, Кәмшат Молдыбекова, Лесбек Мырзабеков, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Маханбет Рахымжанов, «Вайнах» Жамбыл шешен-ингуш мәдени орталығының мүшесі Ваит Талгаев, «Меркен ірімшік фабрикасы» ЖШС басшысы Дастан Айтуленов, «Altais Group» ЖШС бас директоры Әлімбек Джұмабаев, «Жамбыл облыстық Махмуд Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева, Талас ауданы корей этномәдени орталығының, «Анжела-Анжелика» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Цой, «Сұлтан би» шаруа қожалығының жетекшісі Қажымұрат Жаттаев, «Гамбург» ЖШС жетекшісі Георг Кох, Тараз қаласындағы №7 мектеп гимназиясының мұғалімі және ерікті Михаил Платов, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрайымы Хамида Турдыева, Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталықтары» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, жеке кәсіпкер Абдумалик Шарипов қатысты.

Жиын соңында меценаттарға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Кейін қарай