Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Наурыз, 2022

448

Таразда «Қоғамдық келісім» КММ басшысы студенттерге ҚХА қызметі туралы әңгімеледі

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Экономика және құқық факультетінің, «Бухгалтерлік есеп, аудит және кәсіпкерлікке салық салу» білім беру бағдарламасының студенттерімен кездесті.

1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған кездесу барысында аталмыш мейрамның маңыздылығы, Қазақстанның көпэтностығы, ҚХА қызметі, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің жұмысы туралы сөз болды.

Парида Иманжанқызы жастарға волонтерлік қызмет, біздің өңір жұмысына олардың қатысуы туралы айта келе, ел бірлігін сақтауда және Жаңа Қазақстан даму жолындағы жастардың саясаты туралы бағыт-бағдар берді.

Кейін қарай