Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Сәуір, 2021

735

Таразда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерт өтті

Тараз қаласының «Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған «Өнерім саған – Қазақстан» атты іс-шараның концерттік бағдарламасы өтті.

Іс-шараны өңірлік ассамблея мен Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.

Іс-шарада қала қонақтары мен тұрғындарына патриоттық жанрда концерттік бағдарлама көрсетілді. Айта кетейік, концерттік бағдараламаға «Үкілім-ай» би ансамблі, «Асыл ана» вокалдық ансамблі, «Infinity» би ансамблі және Тухтамышев Мырзобобур, Қосақбаева Ақбота, Осман Делихасаноглы, Шерзод Аширов сияқты этномәдени бірлестік өкілдерінің шығармашылық топтары белсене қатысты.

Кейін қарай