Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қараша, 2020

988

Таразда тәжік этносының мәдени күні өтті

Тараз қаласының Достық үйінде тәжік ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен тарихына арналған этнос күні аталып өтті.

«Жамбыл облыстық Тәжік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған мерекелік іс-шараны орталық төрағасы Мулладжанов Алижон Шукурович ашты.


Концерттік бағдарламада тәжіктердің классикалық поэзиясынан үзінділер және қазіргі тәжік авторларының өлеңдері оқылды. Тәжік халық аспабы дутардың сүйемелдеуімен халық әндері орындалып, ұлттық би биленді.

Қатысушылар дәстүрлі тәжік тағамдарынан ауыз тисе, сәндік-қолданбалы өнер көрмесінде Тәжікстанның түрлі аймақтарынан келген тәжік халық киімдері, кестеленген кілем, дастархан, жастықтар және көне және заманауи керек-жарақтарды тамашалады.


Іс-шараның соңында этномәдени бірлестіктің төрағасы аз қамтылған отбасылардың балаларына жылы киімдер мен аяқ киімдер үлестірді. Сонымен қатар, бірлестіктің белсенді мүшелерін алғыс хаттар, естелік сыйлықтармен марапаттады.


Кейін қарай