Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Қараша, 2020

534

Таразда татар этносының мәдениет күні тойланды

Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде онлайн форматта «Айнұры» татар-башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Татар этносының мәдениет күні» аталып өтті.

Достық пен бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шараны татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Халиков Амир мен «Радонеж» орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Сорокин ашты. Олар онлайн-концерттің көрермендері мен татар-башқұрт орталығының өкілдерін этнос күнімен құттықтады.


Іс-шараға татар этномәдени бірлестігінің белсенділері Джурамбаев Тифах, Хамитова София, Турсумбаева Таскира, Ниязов Расим, Хожахметова Нурия қатысты. Сондай-ақ, Владимир Сорокиннің музыкалық сүйемелдеуімен татар этносының «Исами», «Эх, тала, тала», «Қызыл раушандар» және т.б. халық әндері орындалды.

Іс-шара соңында онлайн-концерттің барлық қатысушыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Кейін қарай