Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қыркүйек, 2020

2430

Таразда Тілдер мерекесіне арналған эссе жазу байқауы өтті

Тараз қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына және Тілдер мерекесіне орай өзге ұлт жастары арасында «Достық үйі – татулық пен келісім мекені» тақырыбында мемлекеттік тілде үздік эссе жазу байқауы өтті.


Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, байқаудың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің маңыздылығын саналы түрде сезіндіре отырып, құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік пен еліміздің жетістігіне мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділік пен шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқауға Тараз қаласының колледждері мен жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Нәтижесінде үздік эссе жазып шыққан Тараз аймақтық университетінің студенті, өзбек ұлтының өкілі Гулистан Сапарова мен Тараз гуманитарлық техникалық колледжінің студенті, ұйғыр ұлтының өкілі Азиз Ясымов І-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Түркмен ұлтының өкілі, Тараз аймақтық университетінің студенті Лейли Какаева мен өзбек ұлтының өкілі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Умида Ядыгарова 2 орынды місе тұтты.


Орыс ұлтының өкілі, Тараз гуманитарлық колледжінің студенті Руслан Сураев пен түрік ұлтының өкілі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Милана Мурадова 3 орынға табан тіреді.

Кейін қарай