Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Желтоқсан, 2020

546

Таразда ғылыми жобалар байқауы қорытындыланды

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен жастардың ғылымға деген қызығушылығын ояту, дарынды жас ғалымдарды қолдау, өңірдегі жастардың ғылыми сарапшылық әлеуетін арттыру және этноәлеуметтік ахуалды жетілдіру мақсатында өткізілген «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғалымдар мен жас ғалымдар арасындағы ғылыми жобалар» байқауын қорытындылады.

Байқауға жалпы 60-қа жуық жұмыс қабылданып, сарапшылар сынынан өтті. Жиынға ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, жоғары және арнаулы оқу орындарының мұғалімдері қатысты.

Аталмыш іс-шараның қорытындысы бойынша облыстық жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері - Тараз қалалық №45 қазақ классикалық гимназия мектебінен Лаубай Тоғжан Құралбайқызы мен Меркі ауданының Т.Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясынан Исақұлова Дариға Таулынқызының жұмыстары үздік деп танылды.

Байқау шарттары бойынша өңірлік кезеңде үздік деп танылған жұмыстар республикалық кезеңге жіберіледі.

Кейін қарай