Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Маусым, 2021

233

Таразда жастар қозғалысының белсенділері бүлдіршіндерге тегін балмұздақ таратты

«ICE CREАM» PARTY. Бүгін осындай атаумен Жамбыл облысы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері бүлдіршіндерге тегін балмұздақ таратты.


Жыл сайын «1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесінде балаларға базарлық үлестіретін жалынды жастар биылғы жылы да әдетінен жаңылмады. «Бұл игі дәстүрді жылдан жылға жалғай береміз» дейді әр этнос өкілдерінен құралған белсенді жастар.


«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жастары әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, көп балалы отбасылар мен қарттарға, ардагерлерге т.б көмекке мұқтаж түрлі топ өкілдеріне көмек көрсетіп келеді.


Кейін қарай