Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Маусым, 2022

302

Тарихи зерде және қазіргі жастар

Алматыда «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдерінің кездесуі өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы мен Алматы облысының «Ассамблея жастары» РҚБ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және т.б. қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар өңірлердегі жастар жобаларын іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, алдағы уақытқа бағытталған жоспарлары туралы айтып берді. Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар этносаралық қатынастар және жастар саясаты салаларының өзекті мәселелерін талқылады.


Сонымен қатар «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай режиссер Болат Қалымбетовтың «Талант» фильмі көрсетілді.

Фильм өткен ғасырдың жиырмасыншы және отызыншы жылдары ата-бабаларымыздың тағдырындағы қиын кезең туралы баяндайды. Ашаршылық пен қуғын-сүргіннің қиын кезеңінде жетім қалған екі баланың драмалық жағдайда кездесу оқиғасы туралы айтылады.


Кейін қарай