Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Сәуір, 2021

500

Таза қаланың тынысы кең

Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Жамбыл облыстық ҚХА «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысы өңірлік штабының жастары және ассамблея еріктілері «Taza Alem» атты экологиялық сенбілік өткізді. Қаламыздағы Балуан Шолақ көшесі бойындағы «Майская роща» мәдениет және демалыс саябағында өткен сенбілік қаламыздың әсем келбетін сақтауына өзіндік үлестерін қосты.


Шараға қатысушылар қоқысты жинайтын арнайы жабдықтармен, қолғаптармен және қаптармен қамтамасыз етілді. Сенбілік өткізудің басты мақсаты – жастардың назарын қала аумағын таза ұстауға және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға аудару.


Мұндай жұмыстар адамды тәрбие мен тәртіпке баулиды. Қазір сенбіліктердің қажеттілігі жоғары. Қоршаған ортаға, оның ахуалына қамқор адамдардың саны өсіп келеді. Жастардың пайымдауынша, мұндай акциялар барысында ортақтасып еңбек ету көпшіл болуға, бір-біріне ықылас танытуға дағдыландырады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы.

Кейін қарай