Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Мамыр, 2021

5749

Текеліде балаларды қорғау күніне орай байқау ұйымдастырылды

Текелі қаласының мәдениет үйінде жыл сайынғы «Талаптыға нұр жауар» - «Я - талант!» мүмкіндігі шектеулі балалар арасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байқау өтті. Аталған іс-шараның Алматы облысының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.


Байқау вокалдық орындау және хореография бағыттары бойынша өтті. Оған Текелі қаласының «№2 психологиялық педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-нің 25 тәрбиеленушісі қатысты. Байқауға талантты балалар ерекше атсалысып, өз өнерлерін паш етті.


Іс-шара соңында барлық қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Кейін қарай