Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қазан, 2020

559

«Тіл меңгеру әдістемелік топтамаларды жинақтау керек»

Қазіргі техника даму заманында әртүрлі тақырып аясында чат-боттар мен марафондар ұйымдастырылуда. Осы жүйеде тіл төңірегінде де онлайн топтар ұйымдастырып, адамдарды қызықтырса, қазақ тілін үйренуге де қызығушылық пен сұраныс өсер еді . Бірақ, тілді меңгерген деңгейі әртүрлі болғандықтан, кішкене қиыншылықтар туып жатады. Сондықтан, менің ойымша қазақ тілін оқытуда тілді меңгеру деңгейіне бөлу керек шығар. Сонда әр деңгейдегі адамдарға белгілі бір әдістемелік ұстанымдар дайындауға жеңілірек болар еді. Мәселен ағылшын тілін меңгергендігін А1, А2Б В1, В2,С1, С2 деңгейлері арқылы көрсетіледі, осы жүйеде жұмыс жасасақ қалай болар еді?!

Және қазақ тілін үйренуге және сол тілде оқытуға келетін болсақ, тіліміздің грамматикасын, лексикасын және орфографиясын дамытуға арналған бірынғай жол болмағандықтан, осы тіл оқу тұрғысынан күрделі қабылданады.

Осы орайда атап кететінім, Президент өз сұқбатында, бастауыш сынып бағдарламасындағы пәндер қатарына қазақ тіліне басымдық беруге де тоқталған. Бұл дегеніміз - кемел келешекке білімді жастың кірпішін қалау бағытында ролі зор екендігін де екшелеп тұр. Қазіргі таңда Қарасай ауданының Қошмамбет ауылында бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілінде оқытып жүрмін. Тіліміздің грамматикасын меңгеруде түрлі әдістерін жинатаудамын. Техника заманы болғанына қарамай, қайткенмен, балаға ойын қызық, сондықтан «Қазақ тілі сабағын меңгеруде үстел ойындарын қолдану» әдістемелік нұсқаулығын дайындадым. Яғни балалар ойын ойнау арқылы тіліміздің белгілі бір қырын тереңдеп білуге немесе қайталауға, мүмкіндік ала алады. Мысалы, «нарды» ойынын балаларға түбір сөз бен қосымшаларды (жұрнақ пен жалғауды) дұрыс жалғауды үйренуде қолдануға болады және үстел «джанго» ойынын да сөздік қорын дамыту мақсатында тиімді қолдануға болатыны бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындалуда (жетекшім Ермекова Тыныштық Нұрдәулетқызы ф.ғ.д., профессор). Бұл жұмыс балалардың тіл меңгеруге қызығушылығын арттырады және грамматикалық сауаттылығын дамытуға үлесін қосады деген үміттемін. Осындай әдістемелік топтамаларды жинақтап, кеңінен тарату керек деп ойлаймын. Әсіресе орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілі деңгейін көтеруге көп мүмкіндік болады деген ойдамын.

Эльнара Таштанова,

Алматы облысы Қарасай ауданы

Қошмамбет мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Кейін қарай