Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Ақпан, 2021

488

Өткен жылы Қызылордада қоғамдық медиаторлардың арқасында 667 дау шешілген

Қызылорда қаласының Достық үйінің мәжіліс залында кәсіби және қоғамдық медиаторлармен кездесу өтті. Оған «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков, Достық үйіндегі медиация кабинетінің жетекшісі Қанат Ақылбеков қатысты.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында медиация институтының әлеуетін қоғамдық келісімді нығайту жұмысында толықтай пайдалану қажеттігін, кез келген дауды компромиске келу арқылы алдын-ала шешудің маңыздылығын атаған болатын. Осы орайда Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинеті 2016 жылы 31 наурызда ашылып, өз жұмысын қарқынды түрде жүргізіп келеді.

Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар төңірегінде «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, медиация кабинетінің жетекшісі Қ.Ақылбеков жалпы мағлұмат беріп өтті.

- Өткен жылы облыс көлемінде медиация институтын насихаттауға бағытталған барлығы 56 түрлі форматты іс-шаралар ұйымдастырылса, аталмыш шараларға 1500-ға жуық тұрғын қатысты. Қоғамдық медиаторлармен барлығы 667 дау шешілсе, оның ішінде 100 дау бойынша сотқа дейін, 108 дау бойынша сотта медиациялық келісім орнатылған. Ал 459 дау қоғамдық медиаторлардың кеңес беруі нәтижесінде тоқтатылды,- деді.

Кездесуде бірқатар медиаторлар Медиация заңына өзгерістер енгізу, оны халық арасында кеңінен насихаттауды өрбіту, республикалық деңгейдегі лекторлардың қатысуымен оқу, семинарлар ұйымдастыруды ұсынды.

Ұсыныс, пікірлер тыңдалып, назарға алынды.


Кейін қарай