Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Қазан, 2020

528

«Тхониль-Атырау» жастары байқау ұйымдастырды

«Тхониль-Атырау» ЭМБ-нің жастар қанаты «Хангыль» корей әліпбиінің құрылғанына 574 жыл толуына орай «Корей тіліндегі әндердің үздік кавері» атты байқау ұйымдастырды.

Бір аптадан астам уақыт ішінде байқауға қатысушылар кавер жазып, әлеуметтік желілерге салған болатын. Іс-шараға ұлты корей болмаса да, корей тіліне және мәдениетіне қызығушылық танытқан Атырау тұрғындары белсене қатысты.


Қатысушылардың көрсеткен өнері бір-бірінен музыкалық аспаптарымен, билерімен, әндерімен ерекшеленді.


Қорытындыны белсенді жастар дауыс беру арқылы өткізіп, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен корей тәттілерін тарту етті. Сол секілді марапаттау рәсімінде құттықтау дипломдары тапсырылды.


Кейін қарай