Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қыркүйек, 2020

768

Уақыт сынына жауап

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік экономикалық және геосаяси ахуалға байланысты сынақ кезеңі бізді айналып өтпейтіні туралы болжамы тура келді. Қазақстан екі фактормен – пандемиядан кейінгі өзгерген құндылықтар және жаһандық дағдарыс жағдайында өмір сүруде. Әскери-саяси тұрақсыздық, әлеуметтік және көші-қон мәселелері, саяси процес­тер осы себептердің салдарынан туындайды.

Бұған дейін құрылған мем­ле­кеттік және қоғамдық тетік­тер, сондай-ақ дайындалған «қауіп­сіз­дік белбеуі» жаһандық індет дағда­рыс­тың бірінші кезеңін жұмсартуға мүм­кіндік берді, бірақ бүгінгі таңда қиын­дықты еңсеріп қана қоймай, одан әрі даму векторына шығуға мүм­кіндік беретін жаңа шаралар қажет.

Сондықтан Қазақстанның барлық азаматтары осы Жолдауды әлемдік нарықтардағы экономикалық күй­зелістен, ауыр пандемиядан және әлеуметтік-экономикалық мәселе­лерден кейінгі одан әрі дамудың маңызды сұрақтарына жауап табуға үміт артып күтті.

Әрине Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті және өткір мәсе­лелеріне жауап беретін ерекше мәнге ие болды.

Біріншіден, Жолдауда елдегі жағ­дайға барынша айқын және ег­жей-тегжей талдау жасалған және елдің экономикалық және әлеу­мет­тік саладағы, мемлекеттік басқару, қаржы саласындағы дамуын тежейтін барлық нақты себептер көрсетілген.

Екіншіден, «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жол­дауы – реформалар туралы жолдау. Реформалар мемлекеттік бас­қа­рудың институционалдық саласына айналғаны маңызды, бұл олардың жан-жақты есептелуі мен тиімділігін көздейді.

Бұл ғана емес, реформалар институттарын құру – 2020 жылғы Жолдау тек бастамасы ғана екенін және бас­ты өзгерістер әлі алда болатыны туралы айқын белгі. «Әлеуметтік-эко­номикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу» – бірінші кезектегі міндеттер, бірақ одан кейінгі бағдарламалар да ұмыт қалмайды.

Үшіншіден, Президент Қ.К.Тоқаев елдің әлеуметтік-эконо­­ми­калық дамуын әлеуметтік әділет­тілік, тиімділік және бәсекеге қабі­леттілік басымдықтарына негіз­делген сапалы жаңа вектор мен да­мудың жаңа қағидаттарына шығару жөніндегі іс-қимылдың біртұтас стратегиясын белгіледі.

Бұл ретте қоғам өмірінің барлық салалары – экономика, әлеуметтік сала және елдің саяси өмірі терең ре­формалауға ұшырағанын ұғыну қажет. Бұрынғыдай жайбарақат тір­лік енді ешқашан болмайды.

Мемлекет басшысының нақты және алдын алу тапсырмалары ғана емес, сондай-ақ реформалаудың тә­сіл­дері мен жолдарын өзгертуге деген ең байыпты көзқарасы да назар аударуға тұрарлық. Заңның үстем­дігі, адам құқықтарының сақталуы мемлекеттік басқарудың жаңа моделі мен азаматтардың мүддесін қорғайтын әділетті мемлекет арқылы жүзеге асырылады.

«Халық үніне құлақ асатын мем­лекеттің» үлгісі мемлекетті басқаруға азаматтық атсалысумен толық­тырылады, бұл ретте жергілікті өзін өзі басқаруды дамытуға, яғни аза­маттардың өздеріне тікелей қатыс­ты мәселелерді шешуге қатысу мүм­кін­дігіне баса мән беріледі.

Осы жерден Жолдаудың тағы бір терең мәні – оның тағы бір бағыты – адами капиталға, елдің әр азаматына деген көзқарасы туындайды.

Төртіншіден, Жолдау Елбасы Н.Ә.Назарбаев саясатының терең стра­тегиялық сабақтастығын көрсе­теді. Бұған «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасымен нақты үйлесетін және «жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» үштұ­ғыр­лы жүйесінде қоғамдық сананы жаңғыртудың жаңа координаттарын білдіретін «Ұлттың жаңа сапасы» бөлімі дәлел бола алады.

Сондықтан қоғам мен халық алдағы реформалардың құрылымдық күрделілігі мен тереңдігі Қазақ­стан­ның революциялық емес, эво­люциялық дамуын талап етеді деген тезисті белсенді ұғынуы тиіс.

Реформалар синергиясы олар­ды жүзеге асыру арқылы револю­циялық нәтиже береді, демек, қоғам­дық келісім мен жалпыұлттық бірлік қағидаттары Жолдаудың мақсат­тарына қол жеткізудің – тұрақты да­мы­ған, гүлденген Қазақстанды құру­дың басты шарты болып қала береді.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі

egemen.kz

Кейін қарай