Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Наурыз, 2021

481

Украинаның Қазақстандағы елшісі Т.Шевченконың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Ақтау қаласында украин ақыны және суретшісі Тарас Шевченконың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

9 наурызда жыл сайын оның туған күні атап өтіледі. Шараға Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Петр Врублевский, Украинаның Қазақстандағы Елшілігінің бірінші хатшысы Игорь Чернега, Украинаның Қазақстандағы Елшілігінің консулы Иван Алмаши, Маңғыстау облысының Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы бастығының орынбасары Талғат Әбдіқадыров, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келесім" КММ басшысы Аманкүл Жайылханова, сондай-ақ украиналық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Тарас Шевченко ақындық өнерімен ғана емес, суретші ретінде де тарихта қалған. Өзінің 47 жыл өмірінің 10 жылын Маңғыстауда өткізген. Сол он жылдың ішінде 356 сурет салыпты. Суретші Қазақстанның әсем табиғаты мен кеңпейіл тұрғындарын туындыларына қосқан. Аймақтың өнері мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін жергілікті тұрғындар оған құрмет көрсетіп, Форт-Шевченко қаласына есімін береді.

Кейін қарай