Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Сәуір, 2021

355

Вилен Молотов-Лучанский: «Ассамблея – жарқын идеяларды шоғырландырады».

Биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы бізді өткенге алғыс білдіріп, осы құндылықты бағалауға бағыттайды. Біз тәуелсіз Қазақстанмен бірге тоқтаусыз қозғалыстамыз. Бірақ менің ойымша, ең бастысы – ойдың қозғалысы.

Біз экономикамен, жаңа өндірістермен, технологиялармен өсуіміз дамудың ең басты алғышарттарына жатады. Сондай-ақ, мықты мемлекет болуымыз үшін өңір экономикасының озық дамуына жан-жақты ықпал етуіміз керек. Алайда, маған республиканың қоғамдық өміріне, елдің барлық даму институттарына тән бүгінгі қызу ойлау энергиясы ұнайды. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы осы энергияның өзегі болып табылады. Ол ең жарқын идеяларды шоғырландырады, ұлттың болмысын философиялық түсінудің жаңа тәсілдерін ұсынады. ҚХА Төрағасы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚХА сессиясында алғаш рет қазақстандықтардың «Мәңгілік ел» туралы арманын жүзеге асыруға шақырғаны кездейсоқ емес. Тәуелсіз Қазақстанның отыз жылдығында біз Ұлы дала тарихының беттеріне ерекше назар аударамыз, уақыттың тынысын сезінеміз, достық пен келісімнің жасампаз идеясының айналасында өз күшімізді шоғырландырамыз.

Өзара сыйластыққа және бір-бірінің тілі мен мәдени дәстүрлерін түсінуге негізделген қоғамдық қатынастарды қайта құру және қазақы ой мен сезімінің өзіндік ерекшелігін сақтау біз үшін өте маңызды. Нұрсұлтан Назарбаевтың толеранттылықты іске асыру қоғамдық-саяси жобасының арқасында ел этностарының менталдылықтары жақындасып, мәдени мәтіндердің өзара кірігуі тереңдей түсті, біз барған сайын қазақ халқымен өзіміздің жақындығымызды, бауырластығымызды сезініп келеміз. Қазақстанның барлық этностары үшін "қазақша мәдениет" азаматтық бірегей белгісіне айналуда.

Бірнеше жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде толеранттылық санаға сіңіп, қоғамның әрбір мүшесінің жүрегіне жол табуы керек деген ой айтқан едім. Бұл ойды қолдайтындар да табылды. Мұны Қазақстан халқы Ассамблеясының, облыстың этномәдени бірлестіктерінің барлық қызметінің үлгі-өнегесі деп нық сеніммен айтамын. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында, біздің достығымыздың мәңгілік құндылығы, ортақ мақсаттарымыз, бірлескен қозғалысымыз туралы айту ерекше маңызға ие. Сәуір айының соңында Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өткелі отыр. Ассамблеяның әрбір сессиясы жаңа белестерді бағындыруға, жаңа идеяларды ортаға салуға арналған басқосу. Біз өзекті мәселелерді талқылаймыз, уақыт сын-тегеуріндеріне жауап іздейміз. Осылайша, келісім мен бейбітшіліктің, татулықтың тірегі бірлігімізді нығайтып, еліміздің бір мақсатқа қызмет етуіне атсалысамыз.

Біздің еліміздегі уақыт феномені үйреншікті және көпжылдар бойы қалыптасқан нәрсені қаншалықты тез өзгертетін байқадым. Елбасы болжаған бұл өзгерістер елімізді алға жетеледі, жаңа серпін берді. Қазақстанның жаңа тарихының қалыптасуының басында Нұрсұлтан Әбішұлы Республика этностарының дәстүрлерін сақтап, ежелгі Қазақстан жерінде өмір сүретіндердің барлығы үшін ортақ үй идеясын жүзеге асыруға қуатты серпін берген жолды ұсынды. Бұл идея достық пен бірліктің қайнар көзіне айналды, уақытты жеңе білді.

Бұл сөздерімнің дәлелі – облыстың этномәдени бірлестіктерінің, біздің облыстық ҚХА-ның жоғары беделі. Қиын кезеңдерде біз әрқашан біргеміз. Пандемия кезінде біз бір отбасы болып бірігіп, қауіпті індеттің алдын алуға барымызды салдық. Ел басына күн туған шақта ортақ мүддені көздеген бір топ азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды. Л.М. Ким бастаған кәрістер қауымдастығының филиалы Медицина университетінің жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлеріне түскі ас ұйымдастырды, клиника қызметкерлерін көптеген антисептикалық тазалық заттармен қамтамасыз етті. В. И. Тварионас литва бірлестігінің мүшелерімен бірге бірнеше мекемелерге жүздеген жеке қорғаныс құралдарын сыйға тартты. Этномәдени бірлестіктер, ҚХА құрылымдары мұқтаж жандарға азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарды таратып жатты. Бұл қоғам белсенділерінің жасайтын жұмыстарының бір бөлігі ғана. Ал ҚХА қызметіне белсенді қатысатын біздің азаматтарымыздың шаралар тізбесі газет мәтінінің бірнеше бетін алары сөзсіз.

Бүгінгі заман көз ілестірмей дамып келеді. Күн сайын жаңа өзгерістер келеді, жаңалықтар сағат сайын толығып отырады. Еліміздің дамуы жолында әрбір шешім маңызды. Әр күн бізге берілген жаңа мүмкіндік. Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы жолында әрқайсымыз лайықты іс-әркет жасап, проблемаларды талқылаймыз, оңтайлы шешімдерді табуға тырысамыз. Күш-жігерімізді өзара түсіністік бағытына біріктіре отырып, өзімізді де, өскелең ұрпақты да Қазақстанның көпұлтты мәдениетінің дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелейміз.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында бірлік біздің өміріміздің басты құндылықтарының біріне айналғанын және алдағы уақытта да солай болатынын тағы да атап өткім келеді.

Бір шаңырақ астында ортақ мүдде мен рухани құндылықтарға бай, тарихтан тағылым ала отырып бірлік пен татулыққа негізделген ортақ отбасымыздың жарқын болашағына сенемін. Барша Қазақстандықтарды келе жатқан Бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Вилен Молотов-Лучанский,

Қарағанды еврей мәдениеті орталығының төрағасы,

ҚХА мүшесі

Кейін қарай