Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Желтоқсан, 2020

1988

Вице-министр Алматыда этномәдени бірлестіктердің көшбасшыларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматыға жұмыс сапары аясында Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің көшбасшыларымен кездесу өткізді.


Кездесу барысында республика мен қаланың этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен бүкілқазақстандық бірлікті нығайту, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелерін талқыланды.

«Ахыска» түрік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы Зиятдин Касанов, «Мицва» Қазақстанның еврей ұлттық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басшысы Александр Барон, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ құрметті төрағасы Ахметжан Шардинов, «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтары қауымдастығы» республикалық ҚБ төрағасы Артуш Карапетян жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылық пен халық бірлігін одан әрі нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Жекелей алғанда, отандық ғылымды, ұлттық мәдениет және салт-дәстүрлерді дамыту, сонымен бірге, пандемиямен жалпы күрес аясында этномәдени ұйымдардың интеграциясы бойынша күш салуы, мұқтаж қала тұрғындарына қолдау шаралары жөніндегі идеялар айтылды.

Этномәдени бірлестіктердің көшбасшыларымен кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне айтылған ұсыныстарды зерделеп, пысықтауды тапсырды.

Кейін қарай