Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Сәуір, 2022

239

Ынтымақ мерекесінің маңызы айтылды

Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің нөмірі 7 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Оған облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, өңірлік Ассамблея жастар ұйымының жетекшісі Елена Пак қатысты.

Кездесуде елдегі ынтымақ пен тату бірлікті арттыру мақсатында құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы, мәдениетаралық және этникааралық диалог құратын бірегей институттың маңыздылығы айтылды. Құрылған күнінен бастап өткізіп келе жатқан түрлі іс-шаралардың түп-тамыры – елдегі ауызбіршілікті сақтауға бағытталғандығы алға тартылды.

Сондай-ақ, елдегі бірлік пен татулыққа мән беріп, оны өмірлік ұстанымы етіп, іс жүзінде жүзеге асыра білген халық қана бейбітшілік пен бірлікте ғұмыр кешетіндігі сөз болды.

Кездесу соңы пікір алмасуға ұласты.


Кейін қарай