Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Ақпан, 2023

165

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы М. Илипов және «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы М. Кенешев арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Басты мақсаты - Қазақстанның өскелең ұрпағы арасында азаматтық, қазақстандық бірегейлікті, патриотизмді және этносаралық қатынасты нығайтуға бағытталған және жастар бастамаларын қолдау.

Сонымен қатар, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті дамыту бағытында облыстық денсаулық сақтау басқармасымен, облыстық Әділет департаменті, Алматы облысының прокуратурасы, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен өзара іс-әркет жөніндегі екіжақты келісімге қол қойды.

Кейін қарай