18 Мамыр, 2021
268
Қызылорда қаласының Достық үйінде шахматтан турнир басталды
Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен Достық үйінде шахматтан турнирдің ашылу салтанаты болды.
Тарихи астана атанған Қызылорда, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының шахматтан білім беру және зияткерлік турнирінің ашылу салтанатына «Западный поток» жобасы қамқорлық кеңесінің төрағасы Жомарт Көшербаев, облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков, Азия және әлем чемпионы Әсел Серікбай қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Западный поток» жобасы аясындағы турнирдің мақсаты - мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Мамырдың 17-не басталып, 19-шы жұлдызына дейін жалғасатын шахмат турниріне өңірлердегі мектеп және этномәдени бірлестіктің оқушылары қатысуда. Барлығы 10 команда болса, әр топта 4 оқушыдан. Жүлделі жеңімпаз команда «Достық-2021» турнирінің кубогімен марапатталады деп күтілуде.
Айта кету керек, бұқаралық спортты дамытуда білім саласына мемлекеттік емес ұйымдарда әріптес ретінде ат салысып, мемлекет саясатын жүзеге асыруда бірлесе жұмыс атқарып келеді. Бұл тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ішкі Істер министрлігінің «Динамо» денешынықтыру- спорт қоғамы орталық кеңесі де елеулі үлес қосып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан жас ұрпақтың тұрақты дамуының негізі ретінде ұсынылған аспектілерді басты назарға ала отырып Қызылорда облыстық білім басқармасымен аталған мекемелер арасында «Западный поток» оқу – зияткерлік жобасы қолға алынып өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беруде үлкен жұмыстар атқарып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
Абай облысында Наурызнаманың онкүндігі басталды
-
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті
-
Республикалық Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған «Арайлы Атамекенім» тақырыбында ҚХА ЭМБ жастарының интерактивті кездесуі өтті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаевтың Астана қаласының мектеп және студенттер парламенттерінің президенттерімен кездесуі өтті
19 Сәуір, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
сегодня, 16:11
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
вчера, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
вчера, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
вчера, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ