Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Тамыз, 2020

900

Қызылорда: Мәжіліс депутаты облыстағы түйіткілді мәселелерді шешуге күш салмақ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұмаділдаева Наталья Васильевна, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Кесебаева Балайым Туғанбайқызы Қызылорда қалалық білім бөлімінде болып, білім беру саласы бойынша мәселелерді талқылады.

Ең алдымен депутаттардың бастамасымен қаралып жатқан «ҚР білім беру саласындағы кейбір заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әдіскерлердің қатысуымен талқылау өткзілді. Талқылауға қалалық бөлім әдіскерлерімен қоса аудандық әдіскерлер Zoom қосымшасы арқылы қосылды. Депутаттар жалпы білім беру бойынша заңнаманы жетілдіру қажеттілігін атап, енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқыға салды. Әдіскерлер жергілікті деңгейде заңнаманың орындалу болжамын айтып, ұсыныстарын жеткізді.


Депутат Н.Жұмаділдаева облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың қабылдауында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады. Сырдария өзеніндегі су деңгейінің түсуі бүкіл Сыр жұртын алаңдатуда. Бұл мәселе бойынша жергілікті және орталық деңгейде шаралар қабылданып, өзеннің арнасын тазалау және тереңдету жұмыстары бастау алған. Депутат осы және өзге де облыс халқы үшін түйіткілді болып отырған мәселелер тиісті органдарға шешу үшін жеткізілетінін айтты.

Одан кейін, білім беру саласының және жалпы білім беру ұйымдарының басшылықтарымен Zoom қосымшасы арқылы кездесу өткізілді. Н. Жұмаділдаева және Б. Кесебаева қатысқан шарада білім беру ұйымдарының карантиндік жағдайда жаңа оқу жылына дайындығы қаралды.

Депутаттар мемлекеттік сатып алу процессінің оқулықтарды сатып алуға әсерін сұрап, сыбайластық қаупін азайта отырып, сатып алуды жеңілдету жолдарын талқылады.


Онлайн білім беру форматының ерекшелігі – интернет желісі сапасына тәуелді. Сол себепті елдегі интернет мәселесі сұралды. Облыста 293 мектеп интернетке қосылған. Интернеттің жылдамдығы: 76 (26%) мектеп 8 мбит/с жоғары, 189 (65%) мектеп 4-8 мбит/с, 28 (9%) мектепте жылдамдық 4 мбит/с төмен.

Кейбір шет орналасан елді мекендер интернет желісіне қосылмаған. Бұл мәселе айналып келіп, қала мен ауыл оқушылары арасындағы білімге қол жетімділігін алшақтатады, біліктілігіне әсер етеді.

Н. Жұмаділдаева мен Б. Кесебаева ауылдағы интернет мәселесін көтеріп, тез арада шешуге жұмыс жасайтындығын жеткізді.

Одан бөлек, карантин талаптарын сақтау бойынша әрбір мектепке бөлінетін қаржы мен кезекші сыныпты енгізудегі талаптар талқыға салынып, жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Н. Жұмаділдаева «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында болып, филиал төрайымының орынбасары Л.Төрешовамен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көп көтерілетін мәселелер аталып, оны жергілікті немесе орталық деңгейде шешу мүмкіндіктерін ортаға салды. Жүйелік мәселелер орталық атқарушы органдарға жеткізіліп, мәселені шешу бойынша қадамдар қабылданатын болады.

Кейін қарай