30 Желтоқсан, 2020
269
Қызылорда облыстық ҚХА қорытынды отырыс өткізді
Қызылорда облысы әкімдігінің мәжіліс залында өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы активінің қорытынды отырысы болып өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, этномәдени бірлестіктің жетекшілері, облыстық Ассамблея құрылымдарының басшылары және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында елеулі үлесі бар жандар қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясындағы басқосудың модераторы Серік Ахмет елдегі достық пен азаматтық бейбітшілікті сақтауда ерекше рөл атқарған Ассамблеясының маңыздылығына тоқталып өтті.
«Өз тарихының 25 жылы ішінде Ассамблея конституциялық мәртебесі бар қоғамдық-саяси институтқа, мемлекеттің саяси жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Ол өзінің маңыздылығы мен қажеттілігін тұрақты негізде растайды. Облыстық Ассамблея жыл басынан бері облыс бойынша 318 іс-шара ұйымдастырды, оның ішінде Қызылорда қаласында-137 іс-шара, аудан орталықтарында және Байқоңыр қаласында-181 іс-шара, онда 17 мыңнан астам онлайн-аудитория қамтылды. Ассамблеяның бастамасымен 5 мыңға жуық медициналық маскалар таратылды, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына арналған ӨЖЖ аппараты сатып алынды, «Мың алғыс!» акциясында 2 мың медицина қызметкеріне 14 млн.теңге көлемінде көмек көрсетілді»,- дей келе облыстық Ассамблеяның барлық мүшелеріне, этномәдени бірлестіктердің басшыларына риясыз және игілікті еңбектері үшін шынайы алғысын білдірді.
Келелі басқосуда Ассамблея қызметі, өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстар төңірегінде қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішев, неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» облыстық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Юрий Ким сөз қозғады.
Жиында талқыланған мәселелерге сәйкес бірлік пен келісімнің әлеуметтік капиталын нығайту, этникалық мәселені саясиландыруға жол бермеу, этносаралық негіздегі кез келген жанжалды бейтараптандыру ниетінде бірқатар міндеттер белгіленді. Облыс әкімінің орынбасары С. Ахмет аталған міндеттердің орындалуы облыстық Ассамблеяның жұмысын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. Сондай-ақ бірлік пен тұрақтылықты ілгері дамыту жолында елеулі еңбегі сіңген жандарға Ассамблеяның «Бірлік» алтын медалі, Құрмет грамотасы, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін және облыс әкімінің құттықтауын табыстады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде үздік татар тағамы анықталды
-
Елорда Достық үйінде зағип жандар қоғамын қолдау шарасы ұйымдастырылмақ
-
Жамбыл облысында өткен Аналар кеңесінің отырысында әйелдің отбасындағы орны талқыланды
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
-
Қызылордада жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді
-
Таразда медиацияның ашық есік күні өтті
26 Ақпан, 15:19
Мағауия Қанапияұлы: «Алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны»
2 Наурыз, 11:36
Алғыс айту күніне орай бірнеше облыста мерекелік іс-шара өтті
26 Ақпан, 11:31
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр
1 Наурыз, 16:45
Қордай ауданында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы бастау алды
26 Ақпан, 16:21
Астанада Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына орай ҚХА дөңгелек үстелі өтеді
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде үздік татар тағамы анықталды
-
Елорда Достық үйінде зағип жандар қоғамын қолдау шарасы ұйымдастырылмақ
-
Жамбыл облысында өткен Аналар кеңесінің отырысында әйелдің отбасындағы орны талқыланды
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
-
Қызылордада жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді
-
Таразда медиацияның ашық есік күні өтті