30 Желтоқсан, 2019
1195
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары: ҚХА-ның жұмысын шалғай елді-мекендерде кеңінен жандандыру қажет
Қызылордада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінің мәжіліс залында аймақтық ҚХА активінің қорытынды басқосуы болып өтті.
Қатысушылар жиын басталмас бұрын Достық үйінің фойесінде әзірленген «Анамның бейнесі» тақырыбында фото байқау суреттерінің көрмесін тамашалады.
Активте облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Бегалықызы жыл бойы атқарылған іс-шараларды қорытындылап, алдағы жоспарларға тоқталды.
«Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этносаралық қатынастың өзіндік үлгісін қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Облыс көлемінде түрлі форматты 250 іс-шара ұйымдастырылып, 300 мыңға жуық адам қамтылды.
Бүгінде облыс бойынша 165 Қоғамдық келісім кеңестері жұмыс атқарса, олардың отырыстарында 68 мәселе оң шешімін тапты.
Аймақта медиация институтын дамыту бағыты бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Жыл басынан бері қоғамдық медиаторлармен 872 даулы мәселе оң шешімін тапты. Облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің отбасы құндылықтарын нығайтуда, ұлттық рухты насихаттауда атқарар рөлі ерекше. Қазіргі таңда облыс көлемінде құрамында 1 103 мүшесі бар 118 Аналар кеңесі жұмыс жасауда.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық деңгейдегі 3 жобаны жүзеге асырды Олар – «Қайырымдылық керуені» акциясы, «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы және «Сыр елі – достық мекені» этномәдени бірлестіктердің мәдени күндері.
Облыстық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Сыр елі – достық мекені» жобасы аясында 40-тан астам іс-шара ұйымдастырылды. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» акциясы дәстүрлі түрде жүзеге асырылып келеді. Жыл басынан бері қайырымдылық жасаушылардың қолдауымен 686 қайырымдылық іс-шара барысында 40 520 адамға 514 млн. 700 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
Алдағы жыл мерейтойлық күндерге бай. 2020 жыл «Еріктілер жылы» болып жарияланғаны тағы белгілі. Біз Достық үйінің негізінде волонтерлік қозғалысты біріктіруіміз керек»,- деп атап өтті Л. Төрешова.
Басқосу аясында этномәдени орталық басшылары, Аналар кеңесінің мүшелері, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, ғылыми-сараптама тобының мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы сөз сөйлеп, пікір алмасты.
Облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов жиынды қорытындылай келе, мерейтой жылындағы ауқымды жұмыстарға сәттілік тілеп, аймақтық Ассамблея құрылымдарының оң тәжірибелерін аудандарда қолданып, шалғай елді-мекендерде ҚХА жұмысын жандандыру қажеттігіне баса назар аударды.
Активте бірлік пен татулықты берік етіп, рухани жаңғыру жолында аянбай еңбек еткен жандарға Қазақстан халқы Ассамблеясының марапаттары – Алғыс хаттар табыс етілді.
Басқосу соңында «Анамның бейнесі» тақырыбындағы фото байқаудың жеңімпаздары анықталып, үздік фото иелеріне бағалы сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Ассамблея жастары ұлттық ойындардан сайысқа түсті
-
Семейде «Тұңғыш Президент Жолымен» халық экспедициясының» шеңберінде шаралар өтті
-
Қарағандыда Еркіктілер жылы салтанатты түрде бастау алды
19 Сәуір, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
14 Сәуір, 17:46
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
15 Сәуір, 23:06
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Ассамблея жастары ұлттық ойындардан сайысқа түсті
-
Семейде «Тұңғыш Президент Жолымен» халық экспедициясының» шеңберінде шаралар өтті
-
Қарағандыда Еркіктілер жылы салтанатты түрде бастау алды