Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қыркүйек, 2020

1428

Қызылордада 15-ші рет Сабантой мерекесі өтті

Қызылордада «Сабантой-2020» мерекесі өтті. Достық үйінің фойесінде татар ұлттық тағамдарының, кітаптарының, фотосуреттері мен татар тұрмыстық заттар бұйымдарының көрмесі әзірленді.


Сабантой мерекесін ашу және орамал байланған таяқпен құмыраны сындыру құрметі облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ж. Тажмахановқа ұсынылды. Ол барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады.


Қонақтар арнайы концерттік бағдарламамен танысты. Татар этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары көңілді әндер мен билерді орындады.

LED-экранда гір көтеру жарыстары, армрестлинг және дәстүрлі татар күресі (татарча-кураш) бойынша онлайн форматындағы шаралары көрсетілді. Шараның қорытындысы бойынша сайыс жеңімпаздары арнайы Дипломдармен және бағалы сый-сияпаттармен марапатталды.


Сабантой татарлардың ежелден келе жатқан егінмен байланысты мерекесі, биыл Қызылорда облысында 15-ші рет тойлануда.

Кейін қарай