Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Наурыз, 2022

531

Қызылордада ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды

Ұлыстың ұлы күні ұарсаңында Қызылорда қаласының «Денсаулық және демалыс» саябағында дәстүрге айналған тал егу акциясы болып өтті. Акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту, көгалдандыру, жайқалған жасыл желекке айналдыру.

Шаһар келбетінің көркеюін мұрат еткен берекелі бастамаға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, облыстық ассамблея жастары және волонтерлары атсалысып, сауапты іске себепкер болды.


Ассамблея жастары «Ең бастысы табиғат тазарып, кент кескіні келісті болып, сая болатын ағаштардың саны артқаны қуантады. Еккен көшеттеріміз тамыр жайып, көгере берсін! Наурыз мерекесі құтты болсын!»- деді.

Кейін қарай