Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Ақпан, 2020

2675

Қызылордада Абай мұрасын ізет тұтушылар клубы ашылды

Қызылорданың Достық үйінде ұйымдастырылған Ашық есік күні шеңберінде «Абай қазынасына саяхат» клубының тұсаукесері болып өтті. Клубқа Абай мұрасын ізет тұтатын 35 адам мүше болып қабылданды, оларға мүшелікке қабылданғанын растайтын арнайы куәлік те табысталды.


Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен мазмұнды шараға филология ғылымының кандидаты, доцент, абайтанушы Сара Бақтиярқызы, ұлы ақынның 200 өлеңін жатқа білетін жас филолог Елена Пак, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Александр Абанин, жас қылқалам шебері Жайна Балықбаева, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Меруерт Маратова, өзге де Абай шығармасын сүйетіндер және БАҚ өкілдері қатысты.


Абайдың Пушкин, Лермонтовпен ұштастырған бейнесі жөнінде Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Александр Абанин ой бөліссе, танымдық шарада клуб мүшелері караокемен «Көзімнің қарасы» әнін әсем орындап шықты.

Әлеуметтік желіден клубтың ашылуы жөніндегі хабарландыруды көрген жас өрендердің, Абай мұрасына жақын жандардың ақын шығармаларынан үзінділері және Абайға арналған ұрандары тыңдалды.

Сонымен бірге «Сыр қамқоры» балабақшасының бүлдіршіндері клубтың ашылуына орай арнайы әзірлеген қойылымын ұсынды.


Кейін қарай