Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Наурыз, 2021

516

Қызылордада белсенді аналар РФ Алматыдағы Бас консулдығы тарапынан марапатталды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай РФ Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі облыстық Аналар кеңесімен бірлесіп, Достық үйінде мерекелік шара өткізді.

Оған облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков, РФ Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Ольга Мощеева, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мектеп директорлары, этномәдени бірлестіктің жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.


Шара шымылдығы «Славяне» бірлестігінің белсендісі Александр Абаниннің «Менің Қазақстаным» әнімен ашылды. Нәзік жанды қызылордалық аруларды LED экран арқылы Астанадан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, «Вайнах» республикалық шешен және ингуш қауымдастығының төрағасы Ахмет Мурадов құттықтады.

Аяулы аналар мен аруларға арналған кеште ұлттық нақыштағы киімдердің сән көрсетілімі болды.


Аяулы аруларға арналған көктем кешінде өңірдегі белсенді аналар мен қыз-келіншектер РФ Алматыдағы Бас консулдығы тарапынан марапатталды.


Кейін қарай