Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Маусым, 2021

249

Қызылордада ҚХА мүшелері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болды

Қызылордада балаларды қорғау күніне орай ҚХА мүшелері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барып, балаларды мерекемен құттықтады.


Шараға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Әбдібағдатұлы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Волонтерлар орталығы және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері мұрындық болды.


Қайырымдылық акция аясында Волонтерлар және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері тарапынан тәтті балмұздақ пен шарлар сыйға тартылды.

Сондай-ақ, орталық балаларының көңілдерін сергітіп, қызықты ойындар ойнатты.

Кейін қарай