Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Наурыз, 2021

661

Қызылордада оқушылар арасында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Қызылорда қаласының Достық үйінде облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен интеллектуалдық сайыс өтті.

Сайысты Достық үйіндегі тілдерді оқыту кабинетінің жетекшісі Гүлзира Сәрсембек жүргізді. Қаладағы 8 мектептен келген оқушылар «Болашақ», «Шабыт», «Бірлік», «Көркем», «9 мектеп», «171 mektep», «172 mektep», «173 school» топтарына бөлініп, сайысқа белсене қатысты.

Оқушылар карантин режимін сақтай отырып, үш бағыт бойынша өз білімдерін сынады. Сайыс нәтижесінде бірінші орынды №7 мектеп-лицейінің оқушылары, екінші орынды №112 Н.Ахмадеева атындағы орта мектептің оқушылары, үшінші орынды №173 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептің оқушылары жеңіп алды.


Барлық қатысушыларға «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастековтің атынан алғысхаттар берілсе, жеңімпаздарға диплом және сыйлықтар табысталды.

Кейін қарай