Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Желтоқсан, 2021

14195

Қызылордада облыстық ҚХА жылды қорытындылады

Достық үйінің концерт залында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қорытынды салтанатты шарасы өтті.

Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова, «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты басқа да мекемелердің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер мен облыстық ассамблея құрылымдарының басшылары мен белсенділері, мекемелердің қызметкерлері мен қайырымдылықпен айналысатын ұйымдардың өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілген іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары С. Ахмет сөз сөйлеп, елдегі халық бірлігін, этносаралық достық пен қоғамдық келісімді сақтау мен нығайтуда ерекше рөл атқарған Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыздылығын атап өтті.


Одан әрі марапаттау рәсімі өтті. Облыс әкімінің орынбасары өңірдің рухани-мәдени дамуына, этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға «Халық алғысы» медалін, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалін, ҚХА төрағасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің басшыларына этносаралық достық қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Қайырымдылық бағыты бойынша облыс әкімінің Алғыс хаты мен номинациялар табысталды.

Қорытынды салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.


Кейін қарай