Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Мамыр, 2021

425

Қызылордада шахматтан «Достық-2021» кубогы Абай атындағы мектеп оқушыларына бұйырды

Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен Достық үйінде үш күнге жалғасқан шахмат турнирі қорытындыланды.


Тарихи астана атанған Қызылорда, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының шахматтан білім беру және зияткерлік турнирінің қорытынды шарасында облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков, турнирдің бас төреші Тимур Касымов және облыстық білім басқармасы аймақтық дене тәрбиесі, методикалық орталығының директоры Бауыржан Абенгалиев сөз сөйлеп, шахмат жарысында жоғарғы дәрежелі ойын үлгісін көрсеткен қатысушыларды марапаттады.

Турнирге барлығы 10 команда қатысты. Әр топта 4 оқушыдан болды. Үш күндік жарыс нәтижесінде үшінші орынды Қызылорда қалалық №136 орта мектептің командасы иеленсе, екінші орынды Сырдария аудандық №129 орта мектебінің командасы алды, ал бірінші орын Қызылорда қалалық №2 Абай атындағы дарынды балаларды оқытатын мектеп командасына бұйырып, олар «Достық-2021» турнирінің кубогын иеленді.

Сонымен бірге, жеңімпаз команда «Западный поток» жобасы қамқорлық кеңесінің төрағасы Жомарт Көшербаевтың арнайы дипломымен марапатталып, өтпелі кубогты олжалады.

Кейін қарай