30 Наурыз, 2022
326
Қызылордада өткен отырыста медиацияны халық арасында ілгерілету тақырыбы көтерілді
Қызылорда қаласының Достық үйінің мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен облыстық медиаторлар кеңесінің отырысы өтті. «Медиацияны халық арасында ілгерілету: өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында өрбіген отырысқа қалалық ардагерлер кеңесі, медиация ұйымдары, оқу орындарынан құқытану саласының мамандары, ЭМБ жетекшілері мен белсенділері, қоғамдық медиаторлар қатысты.
Отырыс модераторы «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Болатбек Айтбенбетов шараның негізгі мақсатына тоқталды. Өңірдегі медиация саласына қатысты туындаған өзекті мәселелерді талқылау, ауқымдылығына қарай шешімін қарастыру, түйіні шешуге келмесе жоғары лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдарға жеткізу керектігін айтып өтті.
Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Медиация кабинетінің жетекшісі Шахизат Абдраманова 2021 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Облыстық медиаторлар кеңесінің төрайымы Ләззат Бақтыбаева өңірдегі медиация бағытындағы атқарылып жатқан ауқымды шараларды атап өтті. Ал Ж. Нұрманов атындағы № 198 аралас мектеп-лицейінің директоры, кәсіби медиатор Анжела Садыкбекова балалар жылы аясында мектептердегі медиация институтын дамытуды, облыс көлемінде этносаясатты жүзеге асыру бойынша туындаған даулы мәселелерді сотқа дейін шешу, өңірдегі қоғамдық және кәсіби медиаторлардың этномедиация дауларын шешудегі рөлін арттыру жайлы сөз қозғады. Медиацияны ілгерлету бағытында өзге де хабарламалар тыңдалды.
Келелі басқосуда ұйымдастырушылар тарапынан Құқықтану мамандығы бойынша білім алушы жастарға медиация пәні бойынша оқу орнынан тыс кездесулер немесе дәрістер ұйымдастыру туралы ұсыныс айтылды.
ҚХА қызметінің аясында медиация институтын дамыту арқылы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мақсатында өткізілген отырыста қатысушылар ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Астанада «Родны Кут» қауымдастығының міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
Этномедиацияны дамыту мәселелері талқыланды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы