Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Желтоқсан, 2021

492

Қызылордада өткен шара шешен этносының мәдени күніне арналды

Қызылорда қаласының Достық үйінің концерт залында «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісімнің мекені» жобасы аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Вайнах» облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен шешен этносының мәдени күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, жастар өкілдері, қала тұрғындары қатысты.


Мереке қонақтары үшін Достық үйінің фойесінде шешен этносының қолөнер бұйымдарының, ыдыс-аяқтарының, кітаптарының, музыкалық аспаптарының көрмесі дайындалды.

Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов пен шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Лайла Пашаева құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, олар достық этносаралық қатынастарды нығайтуға елеулі үлес қосқан бірқатар этномәдени бірлестік өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті.


Шешен мәдениеті күні концерттік бағдарламамен жалғасты, оған қазақ биі, шешен лезгинка тақырыбындағы би нөмірлері, шешен, қазақ және орыс тілдеріндегі әндер, Қазақстан туралы патриоттық әндер енгізілді. Сахнадан депортация жылдары Кавказдан қоныс аударушыларды паналаған қазақ халқына шешендерге алғыс білдіретін өлеңдер оқылды.

Шараның соңында қонақтар шешен тағамдарынан асқабақ (хингалш) және сүзбе (чепалгаш) қосылған торттардан дәм татты.


Кейін қарай