Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Қараша, 2021

297

Қызылордада «Wiedergeburt» неміс ЭМБ ұйымдастыруымен егін мерекесі аталып өтті

Қызылорда қаласының Достық үйінің конференц залында «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісімнің мекені» жобасы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен және «Wiedergeburt» облыстық неміс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Егін мерекесі» атты неміс этносының мәдениеті күні өтті.

Мерекелік шараға облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдарының жетекшілері мен белсенділері, жастар, қала мектептерінің оқушылары және олардың ата-аналары қатысты.


Іс-шара неміс биімен ашылды. Мәдениет күніне қатысушылар Германиядағы дәстүрлі егін жинау мерекесі туралы қызықты ақпарат алды. Мерекелік бағдарламаны неміс этномәдени бірлестігінің белсенділері және «Адажио» ұжымының әсерлі билері безендірді. Шарада өлеңдер оқылды, әр тілде әндер шырқалды, қатысушы балалар да, ересектер де көңілді эстафеталарда жарысты, күз және егін тақырыбында жұмбақтар шешті.

Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов қатысушыларды құттықтап, этномәдени бірлестік белсенділерін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапаттады. Неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы Ирина Шек мереке қонақтарына алғысын білдірді.

«Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісімнің мекені» жобасы аясында басқа да этностардың мәдениеті күндерін өткізу ағымдағы жылдың қараша айында жалғасын таппақ.

Кейін қарай