Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қазан, 2021

530

Қызылордада «Жазушылар мен ақындар шығармашылығындағы күз» атты әдеби-сазды кеш өтті

Қызылорда қаласының Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Славяндар» облыстық қоғамдық-мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Жазушылар мен ақындар шығармашылығындағы күз» атты әдеби-сазды кеш өтті.


Мерекелік іс-шараға облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, қала мектептері мен «Анар сәби» балаларды дамыту орталығының оқушылары және олардың ата-аналары қатысты.

Қатысушылар қала мектептерінің оқушылары жапырақтардан, көкөністерден, жемістерден және басқа да материалдардан жасаған күзгі тақырыптағы қолөнер және суреттер көрмесін тамашалады.


Кеш барысында әлемнің түрлі елдеріндегі жазушыларының шығармашылығындағы күз тақырыбына арналған слайдтар, бейнероликтер көрсетілді. Балалар, жасөспірімдер мен ересектер орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, жұмбақтар шешіп, әндер айтып, көріністер ойнады. Кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күйі сыйлады.


Кейін қарай