Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Маусым, 2021

86

Қызылордада журналистер арасында «Шаңырақ» шығармашылық байқауы жарияланды

Байқауға мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған, 2021 жылғы 1 наурыздан 1 тамызға дейін БАҚ-та, оның ішінде, этноБАҚ-та және газетте жарияланған баспасөз материалдары, бейнесюжеттер қабылданады.

Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбын жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елдегі татулық пен бірліктің беріктігін насихаттау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік тақырыбын қозғаған қазақстандық БАҚ өкілдерінің рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- ақпараттық жаңалықтар мен телевизиялық бағдарламалардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ең үздік репортаж;

- баспа басылымдардағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ең үздік мақалалар;

- интернет ресурстағы қазақ және орыс тіліндегі ең үздік жариялымдар.

Байқаудың толық ережесін Қызылорда. Ассамблея facebook парақшасында, «Сыр бірлігі» YouTube каналында, Kyzylorda.assambleya instagram парақшасында көруге болады.

Байланыс телефоны: 8 7242 70 03 92; 8 777 451 22 77.

Кейін қарай