Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қазан, 2020

784

Қызылордада жастар ұлттық ойындардан сынға түсті

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос жастары арасында ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті. «Ұлы даланың ұлттық ойындарына» қалалық мектеп оқушылары мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері қатысты.


Бұл байқау қатысушыларды патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға тәрбиелейді. Жастардың санасында ұлттық құндылықтарды жаңғыртады.


Арқан тартыс, асық ату, қол күрес, ләңгі тебу, гір көтеру кезеңдері бойынша өткен жарысқа барлығы 25 жас қатысты. Байқауға спорт инструкторлары қазылық жасады. Асық ату кезеңі бойынша 1 орында №112 орта мектебінің оқушысы Алихан Мұрат иеленді.


Қол күрестен 1 жүлделі орынға №7 мектеп-лицейінің оқушысы Шынтас Жетпісбаев лайықты деп танылды. Ләңгі тебуден 1 орынды №7 мектеп-лицейінің оқушысы Константин Ким жеңіп алды. Ал арқан тарту кезеңінде 5 топтың ішінде мықтылығын дәлелдеп шыққан №7 білім ордасының оқушылары 1 жүлделі орынға ие болды.


Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Кейін қарай