Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қазан, 2020

689

Қызылордалық ҚХА Ұлы Жеңістің 75 жылдығына ісшара ұйымдастырды

Қызылорда қаласының Достық үйінің мәжіліс залында облыстық татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналған шара өтті. Оған тыл еңбеккерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысты.

Шара басталмас бұрын қатысушылар фойеде И. Панфилов атындағы №5 мектептің қатысуымен әзірленген көрмені тамашалады. Көрмеде 1942 жылы басылып шыққан кітаптар, 1941 жылы жарық көрген «Красная звезда» басылымның түпнұсқасы, фронт хаттары, Ұлы Отан соғысының ардагері Сагит Ахмеджановтың мыс котелогы, тарихқа толы суреттер және сарбаздардың жеке заттары қойылған.


"Жасмин" би тобының өнерпаздары әскердегі күндерді еске түсіретін "Көк орамал" биін орындады. Татар этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Елена Ишканова «В землянке», "Сарман" вокалдық тобы мен солистер түрлі тілде өлеңдер оқып, әндер шырқады. LED-экранда Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойына арналған құттықтаулар айтылып, тарихқа толы соғыс жылдарын еске салатын бейнероликтер көрсетілді.

Көрермендер алдында татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина сөз сөйлеп, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтың құттықтау хаттары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Кейін қарай