Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қыркүйек, 2020

1033

Қызылорданың мүгедектерді оңалту Орталығында Спартакиада өтті

Қызылордада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Мүгедектерге арналған оңалту орталығында «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында қызмет алушылар арасында спорттық Спартакиада өтті.

Спорттық іс-шара спорттың асық ату, нысана көздеп лақтыру және қол күрес түрлерінен өтті. Шара барысында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Қ. Ақылбеков сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, «Қайырымдылық керуені» акциясынақысқаша тоқталды.


Шара барысында «Асық ату» спорт түрінен І орынды Айгүл Муратова, ІІ орынды Мадина Жалиева, ІІІ орынды Ұлмекен Сугурбаева жеңіп алса, «Нысана көздеп лақтыру» спорт түрінен І орынды Бағдат Даниев, ІІ орынды Есенгелди Қаңтарбаев, ІІІ орынды Нурлан Султанмуратов місе тұтты. «Қол күрес» спорттық ойын түрінен І орынды Нұрлыбек Талмоков, ІІ орынды Ғалымжан Жолдыбаев пен ІІІ орынды Ынтымақ Жонкеев қанжығасына байлады. Сайыс жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары облыстық ҚХА-ның арнайы Дипломдары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Кейін қарай