Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Мамыр, 2022

371

Закиржан Кузиев Райымбек ауданының тұрғындарымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА мүшесі, Алматы облысы бойынша «Республикалық ұйғыр этномәдени орталығының» төрағасы Закиржан Кузиев Райымбек ауданының тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында жалпыхалықтық референдум ұйымдастыру мәселесі талқыланды.


Еліміздегі демократиялық қағидатты дамыту, Атазаңымызға енгізілетін өзгерістер туралы айтылды. Суперпрезиденттік жүйеден бас тарту, сот жүйесін жетілдіру халық тарапынан қолдау тапты.

«Тәуелсіз еліміздің Конституциясына бір қатар өзгеріс енгізілетін болады. Референдум кезіндегі қабылданған шешім ел дамуының жаңа бағытын айқындайды. Сондықтан, осы шешімге бір ауыздан атсалысайық»,- деп сөзін түйіндеді Закиржан Кузиев.

Мәжіліс депутаты әлеуметтік саланы дамытумен қатар, жеке кәсіпкерлікті жетілдіру, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы көптеген ақпараттар берді.

Кейін қарай