Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Қыркүйек, 2021

223

Зерендіде волонтерлерге арналған жазғы мектеп өтті

6-9 қыркүйек аралығында Зерендіде волонтерлік ұйымдардың жетекшілеріне арналған республикалық жазғы мектеп өтті.

Жазғы мектептің ашылуында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасы Мадияр Қожахмет және «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқармасы төрағасы Асылбек Есенбаев құттықтау сөз сөйледі.


Аталмыш шараға Солтүстік Қазақстан облысының атынан «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасы Егор Замерчук пен Батыс Қазақстан облысынан Дулат Мақатов қатысты.

Волонтерлік ұйымдардың жетекшілерімен кездесу барысында волонтерліктің келешегі мен қазіргі заманғы үрдістері туралы айтылды. Қазақстанда қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып, үн қосатын азаматтар қатары, әсіресе белсенді жастар легі жылдан­жылға артып келетінін атап өткен жөн.

Кездесу барысында еріктілерді ынталандыру мен оқытуға, демеушілерді тартуға байланысты мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, қатысушылар «Волонтерлік қызмет туралы» Заңға және мемлекеттік наградалармен марапаттау кезінде волонтерлерді іріктеу бойынша ұсыныстар айтылды.

Кейін қарай