Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Желтоқсан, 2020

2069

Жалағаш ауданында «Ақ орамал» жобасы аясында кездесу өтті

«Ақ орамал» жобасы аясында Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылдық округінде «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты кездесу өтті.

Кездесуге Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, «Бойтұмар Ханым» қоғамдық қорының төрайымы Рахима Ахметова, аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, ұстаздар қауымы, әртүрлі салада қызмет атқарып жүрген нәзік жандылар мен ауыл аналары қатысты.


Шараға келген қонақтар қолдан жасалған бұйымдардың көрмесімен танысты. Жастарға бесікке салу рәсімі туралы ақпар берілді.

Аналармен кездесу шарасының алғы сөзі Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ж.Еспенбетке берілді.

- Бүгінде ауданымызда 800-ге жуық көп балалы ана есепте тұрады. Солардың 328-ден астамы «Алтын алқа» тақса, 611-і «Күміс алқа» иеленген. «Батыр ана» 61, «Ана Даңқы» орденімен 65 ана марапатталған. «Жалағаш ауданының құрметті азаматтары» қатарында 15 әйел бар. Бүгінгі кездесу осы аналарымыздың құрметіне арналып отыр. Ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған кездесуде баршаңызға сәттілік тілеймін, - деді.

Бас қосу кешінде ақ жаулықты анадан жас келіндерге дейін қазіргі қоғамдағы ене мен келіндердің арасындағы сыйластық, әкеге деген құрмет, бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі ажырасу сынды тақырыптарға кеңінен тоқталды.

Кейін қарай