Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Маусым, 2021

514

Жалағашта қыз бала тәрбиесі тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық мәдениет үйінде «Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты дөңгелек үстел болып өтті.


Оған Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет, Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева, аудандық және ауылдық округтердегі Аналар кеңесінің төрайымдары, көп балалы аналар мен жас келіндер қатысты.

Шараның шымылдығын Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет ашты. Ол республикалық «Аяулы ана» байқауынан бірінші дәрежелі диплом иеленген Мауыты Қабылбектің әжесі Бақыткүл Арысбаеваға алғысын білдірді. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен еліміздің бетке ұстар тұлғасына айналған перзент өсіргені үшін «Білім-өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы атынан Құрмет грамота мен «Алтын алқа» төсбелгісін табыстады.

Дөңгелек үстел аясында аудан бойынша отбасы құндылығын насихаттау мен арттыру бағытында атқарылған ауқымды жұмыстар слайд арқылы көрсетілді.

Шара барысында аналар тарапынан өнегелі ойлар айтылды.

Кейін қарай